Bank of China Kazakhstan - Құжатты операциялар

Құжатты операциялар


Қазақстан мен Қытай арасындағы экономикалық бірлестіктің неғұрлым артуына байланысты, соғұрлым халықаралық есептеулердің әртүрлі құралдарын ұсыну қажеттілігі өсіп отыр.

Серіктестер арасындағы есептеулерде жиі кездесетіні-аккредитивті құжаттандыру болып табылады.

АККРЕДИТИВ - бұл тауардың жіберілгендігі немесе қызметтердің атқарылғандығын куәландыратын, аккредитив шарттарына сәйкес, тиісті құжаттарын уақтылы ұсынған жағдайда, банктің тауар немесе қызмет түрін Сатушыға белгіленген ақша сомасын төлеу міндеттемесі.

Бұл есептеу түрінде бірқатар артықшылықтар бар:
  • сатушы үшін- аккредитив шарттарына сәйкес, жүктердің түсірілгендігі жөніндегі құжаттарды ұсынған жағдайда, экспорттық ақыны алудағы сенімділік;
  • сатып алушы үшін- Сатушы банкке аккредитив шарттарына сәйкес құжаттарды ұсынбайынша, банк Сатушыға төлемдердің жүргізілмейтіндігі жөнінде сенімділік;

Біздің банкте аккредитив ашып, Сіз төмендегі артықшылықтарға ие боласыз:
  • Қытай Банкінде ашқан аккредитив куәландыруды қажет етпейді, себебі Қытай Банкі жоғарғы рейтингті, бірінші класты банк болып табылады;
  • Қытай Банкінің филиалдары дүниежүзінде бар (32 мемлекетте);
  • импорт пен экспорт бойынша саудалық қаржыландыру қызметтерін қабылдау;
    • келісімдердегі шарттарды келісудегі аккредитив мәтінінде практикалық көмек;
    • банктің ауқымды корреспонденттік желісінің арқасында, ақыны тез алу

Қазақстандағы Қытай банкі» АҚ ЕБ басқа банктермен шығарылған аккредитивтерді растау қызмет түрін көрсетеді.

БАНКТІК КЕПІЛДЕМЕ – бұл кепіл Банк  міндеттемелері – банктік кепілдемені алушыға  банктік кепілдеме талаптарына сай құжаттарды жіберген жағдайда және белгілі –бір сомада ақшаны кепіл алушының жазбаша талабына сәйкес төлеу.

Банкпен банктік кепілдеменің барлық түрлері беріледі: келісім мен төлемнің орындалуына кепілдеме,аванстық төлемнің қайтарылуы жайлы кепілдеме, тендерге қатысу үшін кепілдемелер және т.б.
Банк кепілдеме шығару бойынша басқа банктермен контр-кепілдеме қызмет түрін жүзеге асырады (performance/payment guarantee, bid bond, advanced payment guarantee).

Қосымша ақпаратты келесідей телефондар арқылы білуге болады: (727) 258-55-10 (ішкі. 1170, 1162), факс: (727) 258-55-17.
Bank of China Kazakhstan
© 2018 Bank of China Kazakhstan. Барлық құқықтар қорғалған.